editor1

Қазақ теннисшісі Мумбайдағы жарысты жеңіспен бастады

Фото: Оlympic.kz Зарина Дияс Мумбайдағы WTA 125 турнирінің алғашқы ойынында жеңіске жетті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Бірінші айналымда отандасымыз латвиялық Дарья Семенистаяны 6:3, 6:3 есебімен жеңді. Qazsport телеарнасының хабарлауынша, келесі матчта Зарина Дияс Маая Раджешваран Реватимен кездеседі.

Толық оқу

Енді Қазақстанда ешкім қыз алып қашпауы мүмкін

Депутат Мұрат Әбенов қыз алып қашу операциясында заң жәбірленген адам жағында болуы керегін айтады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.  Халық қалаулысының сөзінше, бұл мәселе қазір тиісті түзету жұмыс тобында талқыланып жатыр. – Тиісті түзетуді ұсындым. Қазір ол Қылмыстық кодексті оңтайландыру жөніндегі жұмыс тобында қаралып жатыр. Жауапкершіліктің әртүрлі дәрежесін, оның ішінде қылмыстық жауапкершілік те бар….

Толық оқу

Ішкі істер министрі Тоқаевқа есеп берді

Қасым-Жомарт Тоқаевқа елдегі криминогендік жағдай және ішкі істер органдарының «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру барысы жөнінде ақпарат берілді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.  Президентке елімізде қабылданған кешенді шаралар нәтижесінде былтыр қылмыс саны 12,7 мыңға азайғаны баяндалды. Соңғы жылдары қылмыс деңгейінің, әсіресе, кісі өлтіру, қарақшылық, тонау мен ұрлық сияқты аса ауыр қылмыс түрлері көрсеткіштерінің…

Толық оқу

Швецияда мектепте атыс болып, салдарынан 11 адам мерт болды

Фото: TT News Agency/Kicki Nilsson  Швецияда ересектерге арналған білім беру орталығында атыс болып, салдарынан он бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі Reuters.com сайтына сілтеме жасап. Швеция премьер-министрі Оребро қаласындағы білім орталығында болған шабуылды «ауыр күн» деп атады. Полиция қылмыскердің мотивін әзірге анықтамады. Алайда сол шабуылды ұйымдастырған адам өзі өліп кеткен. Жергілікті полиция басшысы Роберто…

Толық оқу

Оралда ер адам пойыз астына түсіп, қаза тапты

Қайғылы жағдай 4 ақпанда күндізгі уақытта болған. Орал стансасында пойыз ер адамды қағып кетіп, ол оқиға орнында көз жұмды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, бұл оқиға бойынша «Теміржол көлігін пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу» бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Айыпты тұлға анықталған жағдайда, ол жеті жылға дейін…

Толық оқу