Тоқаев судьялардың тәуелсіздігін күшейту жұмыстарын жалғастыруды тапсырды
Фото: Ақорда Президент Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шиппті қабылдады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мемлекет басшысына Жоғары сот кеңесінің 2023 жылы атқарған қызметінің қорытындысы, еліміздегі судьялар корпусының қазіргі жай-күйі және алдағы кезеңге арналған жоспары жөнінде баяндалды. Денис Шипптің айтуынша, Кеңес былтыр Мемлекет басшысы жүктеген бірқатар міндетті жүзеге асырған….