Тоқаев Парламенттегі партия фракцияларының жетекшілерімен кездесті
Фото: Ақорда Президент Парламенттегі партия фракцияларының жетекшілерімен кездесті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кездесу өткізді. Кездесуде Президент Конституцияның 44-бабына сәйкес Премьер-Министр лауазымына ұсынылған Олжас Бектеновтің кандидатурасы жөнінде фракция басшыларымен кеңесуге тиіс екенін айтты. Талқылауға «Amanat» партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев, Қазақстан Халық партиясы…