editor1

Астанада Байқоңыр ауданында ірі өрт болды

Фото: Видеодан алыған кадр Елордада бір қабатты бокс өртенді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.  Астана қаласы Байқоңыр ауданы Өндіріс көшесі, 37 мекенжайында бір қабатты бокста өрт болды. Тілсіз жаудың шарпыған аумағы анықталуда. Өрт орнында ТЖД жеке құрамынан 53 адам және 12 техника жұмылдырылды. Өрт 07:26 оқшауланды.

Толық оқу

Моңғолияда 1,5 миллион бас мал қырылып қалды

Фото: 24 kz / Видеодан алынған кадр Моңғолияда қатты аяздың кесірінен бір жарым миллион бас мал қырылып қалды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Былтыр да осындай жағдай болған. Мал шаруашылығы – ел экономикасының маңызды секторының бірі. Сондықтан төрт түлік өсірумен күн көріп отырған тұрғындардың жағдайы қиын. Аяздан бөлек елде қалың қар жауды. Кей жерде…

Толық оқу

Павлодар облысында жүкті әйелді ұрған полицей жұмыстан шығарылды

Фото: Polisia.kz  Павлодар облысында жүкті әйелді ұрған полицей жұмыстан шығарылды. Жоғары шенді полицейге қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. Былтыр Павлодар полициясының Солтүстік бөлімі бастығының орынбасары қол астындағы аяғы ауыр қызметкерін ұрғаны үшін айыпталған еді. Сондай-ақ, бұл жағдай ҚР Ішкі істер министрлігінің ішкі қауіпсіздік департаментінің қызмет саласының бақылауында болған….

Толық оқу

Велотректен Азия чемпионаты: Қазақстан қоржынында 16 медаль

Фото: Спортты дамыту дирекциясы Аружан Рақымжан мен Мария Елькина тұңғыш рет велотректен Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.  Жасөспірім қыздарымыздың бірі топтық сайыста, екіншісі жекелей сында жеңісті жұлып алды. Үндістанда өткен жасөспірімдер мен ересектер арасындағы велотректен Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар, жалпы, 16 медаль жеңіп алды. Оның төртеуі — алтын, үшеуі — күміс,…

Толық оқу

Шымкент базарларында алтын ұрлаумен айналысқан әйел ұсталды

Фото: Polisia.kz Шымкент базарларында алтын ұрлаумен айналысқан алматылық әйел ұсталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   Зергерлік бұйым сатушыларына жарты миллион теңге көлемінде шығын келтірілді. Қаскөй сатып алушы ретінде келіп, бағалы бұйымдарды білдірмей ұрлап, «ізін суытқан». Тауардың жетіспеушілігін байқаған үш кәсіпкер полицияға арызданды. Әл-Фараби АПБ-ның жедел уәкілдері бейнебақылау камераларындағы…

Толық оқу