АҚШ кітапханасынан Жамбыл Жабаевтың суреті табылды
Фото: Видеодан алынған кадр Америкадан қазақтың халық ақыны, жырау Жамбыл Жабаевтың суреті табылды. Оны «Болашақ» бағдарламасымен білім алып жүрген жерлесіміз Дүйсенәлі Әлімақын олжалаған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі Qazaqstan арнасына сілтеме жасап. Бұл жәдігер тұтас ел үшін құнды. Журналист Дүйсенәлі Әлімақынның Қазақстанға қатысты АҚШ кітапханаларының бірінен тапқан кезекті туындысы «Кеңестер Орта Азияда» деп аталады….