editor

Енді әйелдер де әскерге баруға міндеттелді

Данияда әйелдер міндетті әскери қызметтен өтуге міндеттелді. 18 жасқа толған дат әйелдері шілдеден бастап әскери қызметке шақырылады. Бұл туралы корольдіктің қорғаныс министрі Троэльс Лунд Поульсен мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы Deutsche Welle-ге сілтеме жасап. Мұндай жаңашылдық еріктілердің жетіспеушілігін өтеу мақсатында енгізіліп отыр. «Қазіргі қорғаныс саясаты мен қауіпсіздік саласындағы жағдайды ескере отырып, қарулы күштер қатарына көбірек адам…

Толық оқу

«Тым сұлу, кербез ба…»: Рысбала Икрамбай атақты актер туралы айтты (ВИДЕО)

Фото: irisbala__ikrambai_official инстаграм парақшасынан Танымал блогер Рысбала Икрамбай Наурыз мейрамына орай Алматыға келген әйгілі түрік актері Бурак Өзчивитке қазақтың ата салтына сай сый-құрмет көрсеткенін айтты, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы. «Бұл азаматқа да қазағымның сый-сыяпатын көрсетіп, шапан алып қолына ұстатып жібердім! Тәуелсіздігімізді алғаш мойындаған елден келді, түбіміз бір түркі деп жанымызға жақын тұтамыз», — деп жазды…

Толық оқу

ҚМДБ Қазақстан бойынша айт намазының кестесін жариялады

Қазақстан мұсылмандар Діни басқармасы еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады, деп хабарлады Qazaq.today ақпарат порталы. «Сағындырған Рамазан айының да аяқталуына аз қалды. 30 наурыз – Ораза айт мейрамы. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осы күні оқылатын Ораза айт намазының еліміз бойынша әзірленген кестесін назарларыңызға ұсынады», — делінген хабарламада.

Толық оқу

ҰҚК: Қаңтар оқиғасында ұрланған қару-жарақтың бір бөлігі табылды

Жыл басынан бері ҰҚК полиция және прокуратура органдарымен бірлесіп 12 автомат, 41 тапанша, 75 мылтық, 36 граната және әртүрлі калибрдегі 1 603 оқ-дәрі тәркіледі, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы. ҰҚК мәліметінше, бұл қарудың едәуір бөлігі «қаңтар оқиғасы» кезінде ұрланған (барлығы 2022 жылдан бастап ҰҚК дағдарыс кезеңінде жоғалған 608 бірлік қару тәркілеген). Осылайша, арсеналдың деструктивті ортаға…

Толық оқу

«Мынау не ырым тағы?»: келінін матаға жатқызып, ары-бері аунатқандар сынға қалды (ВИДЕО)

Желіде келінін матаға жатқызып, көтеріп, ішінде ары-бері аунатқандар сынға қалды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.  Онда жүкті келінді матаға жатқызып, үстінен сіріңке тұтатқанын, артынша көтеріп, ары-бері айналдырғанын көруге болады. Видео желіде таралып, жұртшылық арасында түрлі пікір туғызды. Бірі дарақылыққа баласа, енді бірі жүкті әйелге жасалатын ырым екенін айтты. «Қазақстанның қазақтары тойда дарақылықты…

Толық оқу