
Дмитрий Попко Мексикадағы турнирдің финалында есе жіберді
Фото: ehonews.kz Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Морелос (Мексика) челленджер турнирінің финалына дейін жетті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Қазақстандық теннисші соңғы бәсекеде әлемнің 168-ракеткасы, швейцариялық Марк-Андреа Хюслермен бас жүлдені сарапқа салды. Бірінші партияда швейцариялық спортшы 6:4 есебімен басым түссе, екіншісінде Попко есе қайтарды – 6:3. Шешуші, үшінші сет Хюслердің пайдасына шешілді – 6:4. Екі сағатқа…