Оқушылар мектепте намаз оқыған. Министрлік тексеру жүргізіп жатыр
Фото: Pixabay Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев әлеуметтік желілерде тараған мектепте намаз оқыған балалардың видеосына қатысты тексеру жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Бейсембаев оқиғаның қай мектепте, қай өңірде болғаны әлі белгісіз екенін мәлімдеді. “Бұл оқиғаның қай мектепте, қай облыста болғанын анықтап жатырмыз. Егжей-тегжейі белгілі болғаннан кейін шаралар қабылданады. Толық мән-жай анықталғанша күтуіміз керек. Алдымен…