
Қарағандыда жүріп бара жатқан автобус өртенді
Фото: видеодан кадр Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданында «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» тасжолының 27-шақырымында жолаушылар автобусының мотор бөлшегі жанды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат агенттігі. Жалын шарпыған кезде автобуста 15 жолаушы болған, оның ішінде 7 бала көліктен өз бетінше шыққан. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себебі — электр сымының қысқа тұйықталуы.