editor

KASE: Доллар тағы қымбаттады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,09 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 523,20 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 523,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы —…

Толық оқу

«Ақша көрмей өсті дейсің бе?»: Мақпал Жүнісова Заманбектің байлығына қызықтың дегендерге ашуланды

Танымал әнші Мақпал Жүнісова оқырмандарымен сырласып, жеке өмірінен сыр шертті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Өнер иесінің оқырманы: “Мақпал мен Сембек жарасып тұр. Өзінен 20 жас үлкен адамға неге шықты екен?! Ақша мен атақтың буы шығар?! Жастық шағы өтіп, жалғыз қалу өте қиын. Мақпал, неге өзің сүйіп қосылмадың?”, – деп сұрады. Халық әртісі де тыңдарман…

Толық оқу

Президент Астана және Қазақстан митрополиті Александрды I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы митрополит пен барша православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Қасым-Жомарт Тоқаев Православ шіркеуінің дәстүрлі және отбасылық құндылықтарды насихаттауға, жас ұрпақты тәрбиелеу мен еліміздің бай мәдени мұрасын сақтауға елеулі үлес қосып келе жатқанын атап өтті. Президент митрополит Александрды I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. Бұл оның Қазақстандағы қызметіне 15 жыл толуына…

Толық оқу

Еуропа лигасы: бүгін ширек финал ойындары өтеді

Фото: Global Look Press Бүгін UEFA Еуропа лигасы ширек финалының қарымта кездесулері өтеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Жарыстың аталған сатысындағы матчтар қазақстандық уақытпен 23:50-де басталады. Алдымен «Qazaqstan» телеарнасынан «Айнтрахт» (Германия) пен «Тоттенхэм Хотспурс» (Англия) кездесуі көрсетіледі. Бірінші ойында 1:1 есебі тіркелді. Сондай-ақ дәл осы уақытта жанкүйерлер «Qazsport» телеарнасынан «Манчестер Юнайтед» (Англия) пен «Лион» (Франция)…

Толық оқу

Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшісінен сенім грамоталарын алды

Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшісінен сенім грамоталарын алды, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. «Ақорда» резиденциясында жеті мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын табыстау рәсімі өтті. Сенім грамоталарын: Беларусь Республикасының елшісі Алексей Богданов, Таиланд Корольдігінің елшісі Пияпин Нийомреркс, Молдова Республикасының елшісі Штефан Горда, Мьянма Одағы Республикасының елшісі Тит Линн Оун, Кения Республикасының елшісі Питер…

Толық оқу