
Алматыдағы автобус апаты: зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды
Алматыда апатқа ұшыраған №18 автобустың ішінде болған жолаушылардың 25-і зардап шекті. Бір адам жедел жәрдем қызметі келгенше қайтыс болды, – деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. Алматы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен жолаушылардың екеуіне жол апаты болған жерде медициналық көмек көрсетіліп, амбулаторлық емдеуге жіберілді. «Қалған 22 адам қалалық ауруханаларға жеткізілді. Бәрінің жағдайы – орташа ауыр. Олардың арасында 14,…