
Атырауда ер адам алтыншы қабаттан секіріп кетті
Атырауда жігіт 6-қабаттан секіріп, көз жұмды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. Қайғылы оқиға 2 шілдеде сағат 1.00 шамасында болған. «30 жастағы жігіт көпқабатты үйдің 6-қабатынан секірді. Алған жарақаты салдарынан ер адам оқиға орнында көз жұмды», – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі. Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады. Фото: istockphoto.com