
Түркі мемлекеттері ұйымының туы өзгерді
Бішкекте өткен Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекет басшыларының 11-саммитінде ТМҰ жаңа туы қабылданды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы. Ұйымның жаңа туын Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан көшбасшылары: Ильхам Әлиев, Қасым-Жомарт Тоқаев, Садыр Жапаров, Режеп Тайып Ердоған және Шавкат Мирзиеев бекіткен. «Түркі мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысы барысында түркі әлемінің ортақ құндылықтарын, бірлігі мен ортақ мәдени бірегейлігін…