editor

Павлодарда колледждің екі студенті төртінші қабаттан құлап кеткен

Олар төсек жаймамен жерге түскісі келген, деп хабарлады Qazaq Today ақпарат агенттігі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 01:15-те екі кәмелетке толмаған колледж студенті төртінші қабаттың терезесінен құлаған. – 16 және 17 жастағы зардап шеккен екі қыз облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, – деді облыстық жедел жәрдем станциясында.

Толық оқу

Өзбекстанға 10 айда 6,5 млн турист барған

2024 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында Өзбекстанға шамамен 6,5 миллион шетелдік турист саяхаттаған. Бұл туралы сенбі күні жергілікті БАҚ Өзбекстан Республикасының Статистика агенттігіне сілтеме жасап хабарлады, деп жазады Синьхуа. Туристер саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 951,3 мың адамға немесе 17,2 пайызға артқан. Мәлім болғандай, ең көп турист Тәжікстаннан келген — 1,878 млн, одан кейін Қырғызстан мен Қазақстан —…

Толық оқу

Елімізде телерадио арналардың жұмысы тоқтатылады

Еліміздегі телеарналар мен радионың жұмысы бір күнге тоқтайды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. «Қазтелерадио» АҚ телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогті эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді. «Осыған байланысты, биыл 21 қараша айында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында (Астана уақытымен) телерадио…

Толық оқу

Әбиба Әбужақынова Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері атанды

Фото: ijf.org Қазақстандық дзюдошы, әлем және Азия чемпионаттарының жүлдегері Әбиба Әбужақыноваға «Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген спорт шебері» атағы табысталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. Ақтөбеде дзюдодан Қазақстан чемпионаты аясында спортшыға құрметті атақ куәлігін ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Қуантайұлы Мырзабосынов табыстады. Әбиба Әбужақынова — дзюдодан Қазақстанның танымал спортшысы, 3-ші дан (IJF) иегері, 48 келіге…

Толық оқу

Бақытжан Базарбек: Алаяқтықтың артында да жемқорлық тұр

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі, депутат Бақытжан Базарбек «Qasqa Jol» ютуб-арнасының кезекті шығарылымында қонақта болды, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. Депутат қазіргі таңда белең алып кеткен алаяқтық туралы сөз қозғап, өзінің зейнеттегі анасы қалай біреуге несие алып бергенін айтып берді.  Анамды алаяқтар алдап кетті. Сіздің банк шотыңызды біреу бұғаттап тастады…

Толық оқу