
Алматы облысында оқушыдан туберкулездің ашық түрі анықталды
Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең ауылындағы мектептердің бірінде оқитын оқушыдан туберкулездің ашық түрі анықталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Қарасай аудандық білім басқармасы бұл жағдайды растады. Белгілі болғандай, А. С. Пушкин атындағы орта мектепте 18 қараша күні аудандық орталық ауруханадан арнайы жылжымалы автокөлік келіп, 15 жастағы оқушыларды флюрографияға түсірді. 2024 жылдың…