editor

«Тозақтан шіріген денелердің иісі шығады»: зейнеткер клиникалық өлім кезінде жұмақ пен тозақты көргенін айтты

АҚШ-та қарт әйел клиникалық өлім кезінде о дүниені көргенін айтты, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. Daily Mail сайтынның жазуынша, Канзас штатындағы 68 жастағы Шарлотт Холмс 2019 жылы кардиологқа барған. Дәрігер оның қан қысымын өлшеп, нәтижесін көрген соң Холмс инфаркт немесе инсульт алуы мүмкін екенін ескерткен. Бірнеше минут өткен соң Холмс инсульт алады. Дәрігерлер әйелді…

Толық оқу

Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді

2024 жылғы 27 желтоқсанда таңертең қазақстандық сейсмологтар Алматыдан 300 шақырымдай жерде жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының мәліметінше, сейсмикалық стансалар желісі Астана уақыты бойынша 07:34 минутта жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Қытайдан 277 шақырым жерде орналасқан. Алматының оңтүстік-шығысында. Магнитудасы 4,4 болды. Энергетикалық класс K=10,2. Фото: Pixabay

Толық оқу

Үндістанның бұрынғы премьер-министрі қайтыс болды

Фото: REUTERS/Rogan Ward Денсаулығы нашарлаған экс-премьер Делидегі ауруханаға жатқызылып, 92 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы ВВС-ға сілтеп.  Манмохан Сингх Үндістанның ең жылдам дамып келе жатқан державалардың біріне айналуына мүмкіндік берген либералды экономикалық реформалардың сәулетшісі болып саналады. Үндістан 1990 жылдардың басында банкроттық алдында тұрды. Манмохан Сингх салықты төмендетіп, рупияны құнсыздандырды, мемлекеттік компанияларды…

Толық оқу

Елімізде балабақшаларды қаржыландыру жүйесі қайта қаралды

Елімізде мектепке дейінгі білім беруді қолжетімді ету және оның сапасын арттыру мақсатында балабақшаларды қаржыландыру жүйесі қайта қаралды. Жаңа өзгеріс бойынша ата-аналар баласына балабақшаны өзі таңдай алады және баланың білім алуына қажетті қаржы мемлекеттен тікелей мектепке дейінгі ұйымға емес, баланың артынан таңдалған мекемеге берілетін болады, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. Мұндай механизм жекедегі және мемлекеттік балабақшалар…

Толық оқу

Қарағандыда полиция қызметкерлері азаптау фактісі бойынша сотталды

Қарағанды облысы прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы полиция қызметкерлерінің куәгерге қатысты азаптау әрекеттерін қолдану фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Азаматтың тұлғаның денсаулығына орташа зиян келтіргені үшін жауап алу мақсатында полицияға шақырылғаны анықталды. Қызметтік бөлмеде екі жедел қызметкер оған психологиялық қысым көрсетіп, кінәсін мойындау үшін дене жарақаттарын келтірген. Қарағанды облысының…

Толық оқу