
Ұлытау облысында бес адам қар құрсауында қалған
Ұлытау облысында төтеншеліктер жоғалған бес адамды аман-есен тапты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кеше Жезді кентінен жеңіл автокөлікпен «Бидаш-ана» шаруа қожалығына шыққан азаматтар байланысқа шықпаған. Алаңдаған туыстары бүгін таңертең құтқарушыларға жүгінген. «Іздестіру жұмыстары дрондардың көмегімен ұйымдастырылды. Нәтижесінде ТЖМ күштері қар құрсауында қалған көлікті анықтап, жолаушыларды Жезді кентіне эвакуациялады. Олар медициналық…