editor

Ыстамбұлда алкогольден адамдар қайтыс болып жатыр

Уланғандардың жалпы саны – 38 адам, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.  Оқыс оқиғаға Ақсарай ауданынан сатып алынған ішімдікті тұтыну себеп болған. Уланған азаматтардың арасында әйелдер де бар. Соңғы ақпаратқа сәйкес, Ыстамбұлда барлығы 38 адам қолдан жасалған алкогольді ішу салдарынан уланған. Ауруханаға келгендердің 26-сы – шетелдік азамат. Қазіргі уақытта олардың 11-і қайтыс…

Толық оқу

АҚШ-та трансгендерлердің әйелдер спортына қатысуына тыйым салатын заң жобалары қабылданды

АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасы трансгендерлердің мектептерде қыздар спортына қатысуына тыйым салатын заң жобасын мақұлдады, деп жазады Анадолы. Енді елдегі барлық трансгендер спортшылар бастауыш мектептен университет деңгейіне дейінгі әйелдер спортына қатыса алмайды. Заң жобасы 218 қолдау және 206 қарсы дауыспен қабылданды. Дауыс беру алдындағы пікірталастарда республикашылар еркек болып туылған трансгендер әйелдер спортына қатысуы – басқа әйел…

Толық оқу

Түркістан облысында оңалту орталығының басшысы сотталды

Түркістан облысында оңалту орталығының басшысы мен бас есепшісі сотталды, деп хабарлады Qazaq Today ақпарат порталы Qazaqstan.kz телеарнасына сілтеме жасап. Олар мүгедек балалардың денсаулығын жақсарту үшін бөлінген 85 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған. Облыстық экономикалық тергеп-тексеру Департаментінің мәліметінше, сотталғандар бұл қылмыстарын 2018-2024 жылдар аралығында жүйелі түрде жасап келген. Ал осы жылдар аралығында мүмкіндігі шектеулі жеткіншектерге арналған оңалту бағдарламаларына қаржы…

Толық оқу

Әзербайжан Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқан стюардессаға арнап фильм түсіреді

Фотоколлаж: Әбілқасым Есентаев/Azattyq Ruhy Әзербайжан кинематографистер одағының хатшысы, еңбек сіңірген өнер қайраткері, режиссер және сценарист Зия Шихлинский ұлттық қаһарман Хокума Алиева туралы жаңа фильм түсіруге дайындалып жатыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап. Қысқаметражды деректі фильм 2024 жылғы 25 желтоқсанда Ақтау қаласында апатқа ұшыраған «Баку–Грозный» рейсінде қызмет атқарған стюардесса Хокума Алиеваның өмірі…

Толық оқу

Ұлттық банк валюта айырбастау ережелерін өзгертуді жоспарлап отыр

Қазақстанда айырбастау пунктерінде валютаның сатып алу және сату курстары арасындағы жаңа шектеулер енгізілмек, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Ұлттық банк «Айырбастау пунктерінде жүргізілетін операциялар бойынша шетелдік валютаны теңгеге сатып алу мен сату бағамы арасындағы ауытқулардың шектерін белгілеу туралы» қаулы жобасын дайындады. Жобаға сәйкес, айырбастау пунктерінде жүргізілетін операциялар бойынша доллар үшін ауытқу шегі 7 теңге,…

Толық оқу