editor

Тоқаев Иран президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Иран президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Қасым-Жомарт Тоқаев Масуд Пезешкиан мен Иран халқын Ислам Революциясы күнімен құттықтады. Жеделхатта Қазақстан Президенті Иранның Таяу Шығыс өңірі мен ислам әлеміндегі іргесі берік, беделді мемлекет екенін атап өтті. Сонымен қатар Мемлекет басшысы екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жылдан жылға нығайып келе жатқанына ризашылық…

Толық оқу

Ел құрамасы Харбинде екінші алтынды қанжығаға байлады

Бұл еліміздегі қысқы спорт түрлерінің қарқынды дамып жатқанын көрсетеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Фристайл-акробатикадан Қазақстан ерлер құрамасы Харбиндегі қысқы Азия ойындарында алтын медаль иеленді. Команда сапында Шерзод Хаширбаев пен Роман Иванов өнер көрсетті. Бұл қазақстандық спортшылардың фристайл-акробатикадан бүгінгі екінші жүлдесі. Бұған дейін Аяна Жолдас пен Ардана Маханова синхронды секіруде қола медаль иеленген болатын.

Толық оқу

Қор нарығында теңге нығайып жатыр

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,52 теңгеге арзандады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 510,49 теңге. Ұлттық банктің 10 ақпанға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 511,18 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны…

Толық оқу

«Менің атым Қожа» фильмінің жалғасы қашан шығатыны белігілі болды

Қазақ киносының классикасына айналған «Менің атым Қожа» фильмінің жалғасы наурыз айында көрерменге жол тартатын болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. «Қожа: Жаңа саяхат» деп аталатын жаңа фильмді наурыз айынан бастап кинотеатрлардан көруге болады. Соңғы уақытта Сұлтан мен Қожаның суреттері бар жарнамалық билбордтар қаланың әр бұрышында көзге түсіп жүр. Бұрынғы фильмнің басты кейіпкерлеріне ұқсас бейнелер…

Толық оқу

Атыраулық әйел дәрігерлерді 5 жасар қызының өліміне айыптады

Атырау тұрғыны дәрігерлерді бес жасар қызының өліміне айыптап отыр. Әйелдің сөзінше, дәрігерлер баласын құтқару үшін жеткілікті шара қолданбаған, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы «Мой город» басылымына сілтеме жасап. Әйелдің айтуынша, бір апта бұрын 5 жасар қызы жедел жәрдеммен облыстық балалар ауруханасына түскен. Қабылдау кезінде баланың жүрек соғысы әлсіз болған. «Тексеріс кезінде өзім қызымнан тахикардия белгілерін байқадым….

Толық оқу