
Қоштасу кеші өтеді: құрылғанына 25 жыл толған «Орда» тобы тарайтын болды
Көпшіліктің ықыласына бөленген «Орда» тобы тарайтын болды. Бұл туралы топ мүшелері Revue News бағдарламасына берген сұхбаттарында мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today. Жалпы, «Орда» тобының құрылғанына – 25 жыл. Топ мүшелері дәл сол мерейтой қарсаңында сахнамен қоштасуға шешім қабылдап отыр. — Келесі жылғы тур біздің ортақ соңғы турымыз болмақ. 15 ақпанға үлкен қоштасу кеші жоспарланып отыр….