
Үлкендер кішілерге тиісуі мүмкін: Көкшетауда директор мектеп дәретханасына камера орнатқан
Көкшетау қаласындағы №6 мектеп-лицейінде барлық дәретханаға бейнекамералар орнатылды. Бұл бастамаға қарсылық білдіріп жатқандар бар, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі sinegor.kz-ке сілтеме жасап. Әлеуметтік желіде жарияланған видеода дәретхананың бұрышына бейнекамераның орнатылғаны анық көрініп тұр. Бірақ кабинкалардың есігі жабылса, іші көрінбейді. Кейбір ата-ана бұл бастаманы қолдап отыр. «Өте дұрыс, қолдаймын. Ерікеннің ермегі емес, оқушылардың қауіпсіздігі үшін жасалып жатыр….