QazaqToday

Жанармайды көрші елдерге тасып жүрген 60-қа жуық жүргізуші ұсталды

Жамбыл және Түркістан облыстарында жанармайды елден тыс жерге шығарған жүргізушілер анықталып жатыр. Көрші елдерге жанармайды рұқсатсыз тасып жүргендер ұсталды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі.  ІІМ баспасөз қызметі мәлім еткендей, Жамбыл және Түркістан облыстарында 10 сәуірден бастап ішкі істер органдары көліктік бақылау инспекциясымен бірлесіп, жанар-жағармайды елден тыс жерлерге әкетуге жол бермеу бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізуге кірісті….

Толық оқу

Мемлекеттік қызметшілерге қазақ тілінен тест тапсыру міндеттелмек

Қазақстанда мемлекеттік қызметке кіру кезінде қазақ тілін білуге арналған тест тапсыру міндетті болуы мүмкін. Тиісті құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланды, — деп хабарлайды Qazaq.today Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. ҚР ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің порталында «Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» Үкімет қаулысының жобасын орналастырды. «Мемлекеттік қызметшілерге, қызмет…

Толық оқу

2030 жылға қарай Ұлттық қорға 100 млрд доллар жинау жоспарлануда

ҚР Ұлттық банкі 2030 жылға дейін Ұлттық қордың активтерін басқару жөніндегі тұжырымдаманы дайындады. Жоба «Ашық» НҚА порталында жарияланды, деп хабарлайды Qazaq.today. Ұлттық банк дерегінше, тұжырымдама инвестициялық саясатты, Ұлттық қордағы активтерді басқарудың негізгі қағидалары мен тәсілдерін айқындайды. «Тұжырымдамада активтерді стратегиялық аллокациялауды жүзеге асыру үшін қажетті Ұлттық қор қаражатын ұзақмерзімді инвестициялау қағидаты белгіленген. Бұл тәуекелді және қорғаныс…

Толық оқу

Ең үздік 50 боксшының тізімі жарияланды: Головкин нешінші орында?

World Boxing News басылымы 2023 жылдың сәуір айындағы салмақ дәрежесіне қарамастан (pound-for-pound) әлемнің ең үздік 50 боксшысының рейтингін жариялады, деп хабарлайды Qazaq.today Sports.kz-ке сілтеме жасап.  Тізімді WBA, WBO және IBF тұжырымдары бойынша ауыр салмақтағы әлем чемпионы, украиналық Александр Усик бастап тұр. Рейтингке орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен WBO белбеуінің иегері Жәнібек Әлімханұлы да…

Толық оқу

Бұрын Сирияда содыр болған азаматтың 7 жасар қызы елге әкелінді

Сирияда содыр болған қазақстандықтың 7 жасар қызы 11 наурызда елге жеткізілді. Қолдау орталығына орналастырылған бүлдіршін жақында туыстарына табысталмақ, деп хабарлайды Qazaq.today Ұлттық қауіпсіздік қызметіне сілтеме жасап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мүдделі мемлекеттік органдармен, сондай-ақ шетелдік серіктестерімен бірлесіп, азаматтарды террористік белсенділік аймақтарынан қайтару бойынша қарқынды жұмысты жалғастырып жатыр. 11 наурыз күні Сирияда содыр болған қазақстандықтың…

Толық оқу