QazaqToday

Жаңаөзендегі апаттан 1 адам көз жұмды

Жаңаөзендегі көпқаббатты үйде болған газ апатынан 1 адам мерт болды, деп хабарлайды Qazaq.today. “Үйінді астынан 2000 жылғы зардап шеккен әйел мен 1994 жылғы қайтыс болған азаматтың денесі шығарылды”- деп мәлімдеді ТЖД. Медициналық көмекке 12 адам жүгінген, оның ішінде 8 бала бар. 5 адам ауруханаға жатқызылды. Қазіргі уақытта жедел жұмыстар жалғасып жатыр. Оқиғаға 30-дан астам техника…

Толық оқу

«Автомат пен тапаншасын тартып алды»: АҚШ-та тұратын қазақ жігіті қарақшылармен төбелесті

Америкада тұратын қазақ жігіті өзіне қарумен шабуыл жасаған қарақшылармен төбелесті. Олжас Қаныбекке афроамерикалық үш қарақшы шабуыл жасаған. Алайда Олжас қарақшылардың өздерін тонап, қаруларын тартып алған. Жеңіл жарақат алған жерлесіміздің қарақшылармен төбелескен сәті әлеуметтік желілерге тарап кетті, деп хабарлайды Qazaq.today. Оқиғаның қалай болғанын кейіпкердің өзі Олжас Қаныбек Instagram парақшасында айтып берді. Төбелес АҚШ-тың Майами қаласында болған….

Толық оқу

Жаңаөзендегі газ жарылысынан 11 адам зардап шекті

Жаңаөзенде көппәтерлі үйде газ жарылып, 11 адам зардап шекті. Қаза тапқандар жоқ, деп хабарлайды Qazaq.today. Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, оқиға бүгін, 17 сәуірде таңғы сағат 5.00-де болған. «Жаңаөзен қаласындағы 2-шағынауданда екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі екі қабатты тұрғын үйде газ жарылысы болды. Соның салдарынан 150 шаршы метр кіреберіс қираған. Оқиға орнында өрт болған жоқ (үйдің…

Толық оқу

Бас мүфти қызметкерге пәтер сыйлады

Петропавл қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұйымдастырған ауызашар дастарқанында бірқатар тұрғынға «Рамазан сыйы» табысталды. Ізгі шараға Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысып, сыйлықтарды өз иелеріне берді, деп хабарлайды Qazaq.today. Ең алдымен жергілікті «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен Қызылжар орталық мешітінің наиб имамы Мақсат Жұмажановқа қызметтік пәтер берілсе, «Қолма-қол» акциясы аясында діни білім алып жатқан…

Толық оқу

Әлия Назарбаева мен Қайрат Сатыбалдының 2 мың га жері мемлекет меншігіне өтті

Әлия Назарбаева мен Қайрат Сатыбалды Алматы маңындағы 2 мың гектар жерінен айырылды, деп хабарлайды Qazaq.today KazTAG агенттігіне сілтеме жасап.  Алматы облысының прокуратурасы Өңірлік қадағалау органының Назарбаева мен Сатыбалды иелігіндегі жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтарғанын растады. Аталған жалпы ауданы 2 мың га жер Алматы облысының Жамбыл және Қарасай аудандарында орналасқан.   Qazaq.today

Толық оқу