Алматыда 2 мамырдан бастап балаларды тегін секциялар мен үйірмелерге тіркеу басталады
Биыл 26 сәуірден бастап Алматыда мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыстарды орналастыру үшін жеткізушілерден өтінім қабылдау басталады. Бүгінде пайдаланушыларға қосымша мүмкіндік пен ыңғайлы жағдай ұсынатын www.damubala.kz атты жаңа ақпараттық жүйеге көшу аяқталды. 2023 жылғы 3 наурыздан бастап Алматы әкімдігі мемлекеттік шығармашылық және мемлекеттік спорттық тапсырысты іске асыру үшін өкілеттікті аудан әкімдіктеріне берді. Мемлекеттік тапсырысты үйлестіруді аудандарға…