QazaqToday

Тоқаев өзбек президентін референдумның сәтті өтуімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Qazaq.today Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Шавкат Мирзиёевті Өзбекстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу жөніндегі жалпыхалықтық референдумның сәтті өтуімен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев жалпыұлттық таңдау еркінің қорытындысы Президент Шавкат Мирзиёевтің стратегиялық бағдарына өзбек халқының зор сенім білдіріп, қолдағанының…

Толық оқу

«Бағанға байлап қойған»: Қырғызстанда тұрғындар өздері ұрының сазайын тартқызбақ болды

Қырғызстанның Талас ауданындағы мал базарында тұрғындар ұрлық жасаған ер адамды өздері жазаламақ болды. Бұл туралы 24.kg жазды деп хабарлайды Qazaq.today. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды. Жиналған көпшілік «ұрыны» бағанға байлап, ұра бастаған. Оқиғаға полиция қызметкерлері араласып, жұртты таратты. Талас облысының ІІБ болған оқиғаны растады. «Жергілікті тұрғындар ер адамды бағанға байлап қойған. Тексеру барысында Қара-Буурин ауданының…

Толық оқу

Серік Күдебаев 10 жылға сотталды

Талдықорғанда Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Ruhy.-на сілтеме беріп. Сот үкімімен Серік Күдебаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкімді Талдықорған қалалық сотының төрағасы Абдилла Умбетай оқыды. «Сот Серік Күдебаевты Қылмыстық кодекстің 362-бабының 4-бөлігі («Билік немесе лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану»), 146-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы («Азаптау») бойынша…

Толық оқу

Атырауда 1 тонна балық заңсыз ауланған

Атырауда 1 тоннадан астам заңсыз балық тасымалдаған күдіктілерді анықтады, деп хабарлайды Qazaq.today полицияға сілтеме жасап.  “22 сәуір күні Құрманғазы ауданы Шарон өзені бойында 1987 ж.т. және 1991 ж.т. аудан тұрғындарының басқаруындағы қайығын тексеру кезінде жалпы салмағы 1 203 кг құрайтын сазан, жайын, көксерке, құтықаракөз қара балықтарын тәркіледі”,- делінген хабарламада. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-тің 335-бабы…

Толық оқу

“Екібастұзда 1 жарым айға жуық ыстық су берілмейді” — қалада жылу желілеріне жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

«Екібастұзтеплоэнерго» ЖШС тозығы жеткен жылу желілерін анықтайтын гидравликалық сынақтарға кірісті, деп хабарлайды Qazaq.today Halyq.uni-не сілтеме беріп. Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінің жазуынша, қазір жылу желілерінен 119 ақау табылған. Оның 25-іне жөндеу жұмыстары басталды. Өңір әкімі Асайын Байханов құбыр ауыстырылатын 4 учаскеде болып, жөндеу жұмыстарын жүргізуге жауапты Grappa-Stroy ЖШС базасына барды. Мердігер материал мен жабдықтың жеткілікті…

Толық оқу