
«Еліміздің ырысты ынтымағы мен берекелі бірлігін нығайта түседі»: Тоқаев халықты Амал мерекесімен құттықтады .
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Амал мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды Qazaq.today. «Құрметті отандастар! Сіздерді әз-Наурыздың бастауы – Амал күнімен шын жүректен құттықтаймын! Амал келгенде амандық білісу – көне заманнан жалғасқан айрықша дәстүріміз. Қыстан шығып, шуақты көктемге аман жеткен ағайын осы күні бір-бірімен көріседі. Жастар үлкендерге сәлем беріп, қариялардың батасын алады. Халқымыз ежелден осындай ғұрыптар арқылы…