
Алматы облысында автобус аударылып, 4 жолаушы қайтыс болды
12 маусымда Алматы-Шелек-Қорғас автожолының 105-шақырымында адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы болды. Алматы облысының ПД мәліметінше, Toyota Hiace жүргізушісі рөлді басқара алмай, көліктің аударылуына жол берген. «Апат салдарынан 4 жолаушы жол-көлік оқиғасы болған жерде қаза тапты. Жүргізуші мен тағы 2 жолаушы әртүрлі дене жарақаттарымен Шелек ауылының ауруханасына жатқызылды. Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындаумен қылмыстық іс…