QazaqToday

81 млрд доллар: Қазақстанның сыртқы саудадағы басты үш серіктес елі анықталды

Коллаж: kaz.orda.kz Қытай, Ресей және Италия – Қазақстанның сыртқы саудадағы басты серіктестері саналады. Қазақстан өнімдерін сыртқа сатудан былтыр 81 млрд доллар пайда тапқан, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Экспорттан кірген кірістің көбі АҚШ-қа тиесілі. “2024 жылы Қазақстан сыртқы экономикалық ққарым-қатынасы тұрақты өсуіп, дәстүрлі нарықтардағы позициясын нығайтып, минералды ресурстардың…

Толық оқу

Қазақстан мен Вьетнам өзара тауар айналымын 2 млрд долларға жеткізуге уағдаласты

Фото: Ақорда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламмен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Qazaq.today. Ақорданың жазуынша, Тоқаев Вьетнам делегациясына ілтипат білдіре отырып, бұл сапар екі ел арасындағы байланыстарды нығайтуға ықпал ететінін атап өтті. Сондай-ақ Вьетнамның 2040 жылға дейін әлемдегі ең ірі 25 экономиканың қатарына кіруді көздейтін стратегиялық…

Толық оқу

Қазақстан мен Вьетнам 8 мәміле жасасты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам келіссөздер қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылдады, деп хабарлайды Qazaq.today Ақордаға сілтеме жасай отырып. Ресми делегация мүшелері мынадай құжаттармен алмасты: 1. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Вьетнам Социалистік Республикасы Ғылым және технология министрлігі арасында технология, инновация және…

Толық оқу

Жайлы мектептен — жайма базарға: Құландыда директор білім ордасын сауда орталығына айналдырған

фото: facebook.com/omir.shynybekuly Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданындағы Құланды мектебіне әлдекімдер қорап-қорап алтын әкеліп, оны мектептің ішінде, мұғалімдерге сатқан. Мектеп басшылығы мектептің жайма базарға айналуына жол берген, деп хабарлайды Qazaq.today. Білім басқармасы бұл оқиғаның болғанын растады. Айтуларынша, мектептің кітапханасы рухани білім орталығына емес, базар бизнесіне айналып кеткен. «Осы мәселе бойынша Т.Рысқұлов аудандық білім бөлімі тарапынан мән-жайды…

Толық оқу

«Қазаққа түсім төмендейді»: Өзбекстан мен Қырғызстан жүк тасымалында Қазақстанды айналып өтудің жолын шешті

Қырғызстанның Жалал-Абад қаласы маңында Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан темір жолының құрылысы басталды, деп хабарлайды Qazaq.today Қырғызстан министрлер кабинетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ұзындығы 523 шақырым желіні салу жобасына дайындық 2022 жылы үш ел Қытайдың Қашғар ауданынан Өзбекстан шекарасына дейінгі бағытты келісіп, техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге келіскен кезде басталған еді. Бастапқы кезеңде дизельдік тартқышты пайдалану жоспарлануда, кейін желі электрлендіріледі. Қытай тарапының…

Толық оқу