
12 келі алтын: Шымкентте Назираның сарайынан бума-бума ақша мен бағалы әшекейлер тәркіленді (ВИДЕО)
Фото: скриншот Қаржы мониторинг агенттігінің Шымкенттегі департаменті «Nazira Gold» қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Qazaq.today. Агенттік қаржы пирамидасын құрған адамның үйіндегі тінтуді видеоға түсіріп, желіге салған. Зәулім үйдің ішінен бума-бума ақша, алтын және есігінің алдынан бірнеше қымбат көлік тәркіленген. «Өзін зергерлік бұйым сатумен айналысатын компания ретінде таныстырған күдіктілер салымшыларға салған сомаларынан 20-40% көлемінде ай…