
Жетісу облысында браконьер табиғатқа 3 млн теңгенің шығынын келтірді
Жетісу облысында 3 миллион теңгенің балығын аулаған браконьер ұсталды, деп хабарлады Qazaq.todayтілшісі. Рейдтік іс-шаралар барысында табиғатты қорғау полициясы 400 келі балықты заңсыз тасымалдаған Қаратал ауданының тұрғынын ұстады. «Автокөліктің багажын тексеру кезінде тасымалдауға тиісті құжаттары жоқ 400 келі балық табылды. Алдын ала залал 2 млн 800 мың теңге болды. Балық ресурстарын заңсыз аулау фактісі бойынша тергеу…