
Ауыл шаруашылығы министрлігі биыл 33 миллиард теңгеге 300 мың тонна астық сатқан
Азық-түлік корпорациясы жыл басынан бері 33 миллиард теңгеге жуық қаржыға 300 мың тоннадан астам астық сатқан. Құс және мал шаруашылықтары, қайта өңдеу кәсіпорындары дәстүрлі астықты сатып алушыға айналған. ҚР АШМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, астықтың жалпы көлемінің 80 мың тоннасы экспортқа жіберілген. Жыл басынан бері Қытайға бидай, арпа және зығыр тұқымын жеткізу бойынша 11 экспорттық келісімшарт…