
Маңғыстау облысында Өзбекстан азамат есірткі оралған пакетті полицияның көзінше жұтып жіберген
Өзбекстан азаматы есірткіні сақшылардың көзінше жұтып қойған. Оқиға Бейнеу ауданында орналасқан «Тәжен» кеден бекетінде болған. «Lada Largus» маркалы жеңіл автокөлікті тексеру кезінде 1991 жылы туған Өзбекстан азаматынан жасыл пакетке оралған зат табылды. Алайда, шетелдік азамат тексерушілердің қолынан пакетті жұлып алып, жұтып қойған. Қызметкерлер күтіктіні Бейнеу аудандық ауруханаға жеткізіп, асқазанына компьютерлік томография жасату арқылы бөгде затты…