
Зейнеткер абайсызда өрт шығарып, 29 млн теңге шығын келтірді: ол бір жылға сотталды
Маңғыстау облысында зейнеткер абайсызда автотұрақта өрт шығарып, 29 миллион теңге шығын келтірді. Қылмыстық іс Мұнайлы аудандық сотында қаралды. Бұл туралы Qazaq.today агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. Басылым мәліметінше, іс материалдары бойынша, осы жылдың 12 маусымында Ақтау маңындағы өндірістік аймақтың автотұрағында дәнекерлеуші қоқысты өртеп жіберген. Өрт «Lamber» маркалы тоңазытқышқа, «Mercedes-Benz Actros» автокөлігіне, «Schmitz SKO 24mi» тоңазытқышына,…