QazaqToday

«Кемшіліктер көп анықталды»: Алматы әуежайының жуырда ашылған терминалында қабырғалар жарылып кеткен

Ерболат Досаев Алматы халықаралық әуежайының проблемаларын көтерді, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі. Қала басшысы TAV Airports Holding бас директоры Серкан Каптанды қабылдап, Алматы халықаралық әуежайының қазіргі мәселелері мен оны дамыту жоспарларын талқылады. Жаңа халықаралық терминалдың іске қосылуынан кейінгі әуежайдың мәселелері, сондай-ақ инфрақұрылымды жақсарту мен қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар көтерілді. «Кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев…

Толық оқу

«Жегендері — қазы»: Шерзатты өлтірген күдіктілерге тергеу изоляторында жақсы жағдай жасалған ба?

Талғарда дүкен иелерін ұрып-соғып, 16 жастағы Шерзатты өлтірген күдіктілерге тергеу изоляторында жақсы жағдай жасалған. Өсіп келе жатқан ұлдарын көздерінше қарақшылар өлтіріп кеткені қоғамда қызу талқыланып, халықтың ашу-ызасын тудырып жатыр. Жәбірленушілер бұған дейін Бас прокурор Берік Асыловқа үндеу жасаған еді. Марқұмның ашынған туыстары әлі де әділдікті іздейді. Өйткені, төбелеске қатысқан 7 адам ғана қамалса, өалғандары бостандықта….

Толық оқу

Ливанның жартысын басып алған Израиль «Хезболла»жетекшілерінің өлтірілгенін мәлімдеді

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Ливан халқына ағылшынша сөйлеп, «Хезболла» жетекшісі Хасан Насралланың екі ізбасарының өлтірілгенін мәлімдеді. Нетаньяху 3 қазанда әуе шабуылы кезінде Хашим Сафи ад-Диннің өлтірілгенін растады («Аль-Арабия» арнасы бұл туралы хабар таратқан еді). Оның айтуынша, Сафи ад-Диннің ізбасары да өлтірілген, бірақ оның есімін айтқан жоқ. Нетаньяхудың айтуынша, қазір «Хезболла» көптеген жылдар бойы болмаған деңгейде әлсіреген….

Толық оқу

Амандаспағаны үшін жазалаған: Шиеліде төменгі сынып оқушысын ұрып өлтіргендер сотталды

Қызылорда облысында оқушылар сотталды, деп хабарлайды Qazaq.today. Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ауыр қылмыс жасаған жасөспірімдер Қ. мен Ж.-ға қатысты қылмыстық істі қарады. Олар денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және бұзақылық баптары бойынша айыпталды. Тергеу барысында анықталғандай, Шиелі ауданы Қодаманов ауылының 10-сынып оқушылары Қ. мен Ж. сыныптастарымен бірге 9-сынып оқушыларының өздеріне…

Толық оқу

Негізсіз сынап-мінеуден аулақ болайық: Тоқаев Мәскеу төрінде мәлімдеме жасады

Мәскеуде ТМД мемлекет басшылары кеңесінің шағын құрамдағы отырысы өтті. Жиын барысында  президент Тоқаев сөз сөйледі. Тоқаев ТМД президенттерімен кездесуінде «мемлекет басшылары деңгейіндегі қоғамдық сыни шабуылдардан аулақ болуға» шақырды. “Өткен ғасырдың 90-жылдарында Балқан түбегіндегі секілді күрделі жағдайларға посткеңестік аумақта жол берілген жоқ. Мұнда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының үлесі зор деуге болады. Сондықтан Достастықты сақтау керек деп ойлаймын….

Толық оқу