Фото: ҚР ҰОК
Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының үшінші айналымына жолдама алды, деп хабаралйды Qazaq Today ақпарат порталы.
Қазақстандық теннисші екінші кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 191-орындағы америкалық, 17 жастағы Ива Йовичпен бетпе-бет келді.
Рыбакина бірінші партияда бет қаратпады – 6:0.
Екінші сетте Йович ұзаққа созылған геймде есепті теңестірді – 1:1. Сосын тіпті брейк жасап кетті – 2:1. Дегенмен Елена алысқа ұзатпады – 3:3. Содан кейін өзі алға шықты – 5:3. Матчқа доп бергенде, қиналған жоқ – 6:3.
Бір сағат 20 минутқа созылған бәсеке барысында Рыбакина 4 эйспен бірге 11 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Йович 1 брейкпен (4 брейк-пойнт) ғана көзге түсті.
Елена Рыбакина төртінші айналымға өту үшін әлемнің 33-ракеткасы, украиналық, 24 жастағы Даяна Ястремскаямен таласады. Ол небәрі 52-минутта черногориялық Данка Ковиничті ойсырата ұтты – 6:0, 6:1.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аустралия чемпионатында Юлия Путинцеваның үшінші айналымға жолдама алғанын жазған болатынбыз.