«Ертіс орманы» РММ басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

Павлодар облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері “Ертіс орманы” ерекше қорғалатын аумағынан орманды заңсыз кесу және ұрлау фактілерін анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын өткізді. Тінту барысы облыстық прокуратураның үйлестіруімен “Ертіс орманы” резерваты бойынша  жүргізілген, деп хабарлайды Qazaq.today.

«Полиция қызметкерлері “Ертіс орманы” РММ-де, Шалдай және Бесқарағай орманшылығында, сондай-ақ бірқатар басшылардың тұрғылықты жері бойынша 20-ға жуық санкцияланған тінту іс-шараларын жүргізді. Тінту кезінде құжаттамадан басқа атыс қаруы, оқ-дәрілер және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қазіргі уақытта ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Болжамды мәліметтер бойынша орманды заңсыз кесуге “Ертіс орманы” РММ-нің лауазымды тұлғалары қатысты болуы мүмкін», -делінген POLISIA.KZ таратқан хабарламада.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

 

Qazaq.today

47