Ауғанстанда сұлулық салондары жабылып жатыр

Ауғанстанды билеуші «Талибан» қозғалысы елдегі барлық сұлулық салондарының жабылатынын жариялады, деп хабарлайды Qazaq.today Euronews-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін бұл мекеме иелеріне бір ай бұрын ескерту берілді.

Сұлулық салондардың жабылуын Талибан (Қазақстанда тыйым салынған)  олардың қызметтерінің бағасының қымбаттылығымен, сондай-ақ кейбіреулері шариғат заңдарына қайшы келетіндігімен түсіндірді.

Батыстағы БАҚ-тың пікірінше, салондардың жабылуы 60 мың жұмыс орнының қысқартылуына және Ауғанстанның әлсіз экономикасына қатты әсер етеді.

 

Qazaq.today