Фото: istockphoto.com
Солтүстік Қазақстан облысында 8 жасар қызын зорлаған экс-әкімнің ұлы өмір бойына сотталып кетті, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі 7152.kz-ке сілтеме жасап.
Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 24 ақпанда 29 жастағы Әділхан С-ға қатысты үкім шығарды. Белгілі болғандай, сотталушы 2024 жылдың маусым айында сегіз жасар қызының дәрменсіз жағдайын пайдаланып, оны зорлаған.
Сотталушының кінәсі айғақтарымен, фотосуреттермен және сараптамалық қорытындылармен дәлелденді.
«ҰР ҚК 121-бабының 4-бөлігінің санкциясы тек өмір бойына бас бостандығынан айыруды қарастырады. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Сотталушы ҚК – нің 121 — бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды, оған жаза тағайындалды — өмір бойына бас бостандығынан айыру», — делінген судья Ерлан Нұршарыповтың әлі заңды күшіне енбеген үкімінде.
Басылымның мәліметінше, сотталған азамат «СПК «Солтүстік» АҚ-да бас маман болып жұмыс істеген және Солтүстік Қазақстан облысының бірнеше ауданында әкім болып істеген өңірге танымал адамның ұлы.