«Қауғалақтап жүріп бағанға соғылды»: «Балқия» есімімен танылған актриса түсірілім алаңында жарақат алды

Актриса Нұргүл Мыңғатова «Келінжан» фильмінің кезекті түсірілім кезінде маңдайын темір бағанға соғып, жарақат алды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Алайда ол оқыс жағдайға қарамастан түсірілмді жалғастыруға бел буған. Ал оның айналасындағы әріптестері тоңаызтқышта тұрған етті әкеліп, шекесіне басқан. Тісін тексеріп, отпен аластаған.

«Қауғалақтап жүріп трубаға соғылған ғой. Осы «Келінжанды» аман-есен бітірейікші», – деп жазды фильмнің продюсері Гүлнұр Мамасарипова әлеуметтік желіде.

Көпшілікке “Күлімхан апа” атымен танылған актриса Лейло Бекназар-Ханинга жарақат алған “келініне” мұз басып, отпен аластады.

“Отпен аластау дәстүрін көріп, қуанып қалдым”, “Режиссер Балқияның жылайтын сахнасын түсіріп алып жатыр”, “Алдында тұрғанды байқамай қалып, маңдайын соғып алды-ау”, “Үйдегі шкафқа күн сайын шекемді ұрамын. Миым таңдайыма түседі”, – деп жазды көпшілік.