Атырауда жеті жасар баланы ескерткіш басып қалды

Атырауда жеті жасар баланы ескерткіш басып қалғаны туралы ақпарат шықты.

– Кеше Жеңіс саябағында нөсер жаңбыр жауған кезде ҰОС ардагерлеріне арналған ескерткіштердің бірі жеті жасар қызды басып қалды, — деп жазады Atyrau online.

Полиция қайғылы оқиға 26 маусым түн ортасынан кейін болғанын хабарлады.

– 2017 жылы туған қызға ескерткіш құлаған. Дене жарақаттарының салдарынан қыз облыстық балалар ауруханасында көз жұмды, — деп хабарлады полиция.

Тергеу жүргізіліп, сот-медициналық сараптама тағайындалған.