Атырауда 7 жасар баланы ескерткіш басып қалған болатын. Оқиға салдарынан қыз ауруханада көз жұмды, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.
Атырау облысы Полиция департаментінің Тергеу басқармасы Атырау қаласы Авангард-3 шағынауданындағы Жеңіс саябағы ішіндегі ескерткіш құлаған оқиға бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.
«Оқыс оқиғаның нақты мән-жайын анықтау үшін 25 маусымда кешкі мезгілде болған қылмыстық құқық ұзушылықты көрген, құлаған ескерткішті көтеруге жәрдемдескен тұлғаларды Атырау қаласы, Абулхайырхан даңғылы, №55 (кабинет №329) мекен-жайында орналасқан тергеу басқармасына жүгінуді немесе 98-22-72, +7702-741-53-95, +7747-750-95-95 ұялы телефондарына хабарласуды сұраймыз», — деп жазылған хабарламада.