Атырауда бөгет қапшықтарын ұрлағандар ұсталды

18 сәуір күні сағат 21:00 шамасында Атырау қаласындағы Жайық жағалуында тасқын судың алдын алу мақсатында дайындалған бөгеттерден құм толтырылған қапшықтарды ашық түрде жымқырғандар анықталып, ұсталды, деп хабарлайды Qazaq.today басылымы AtyrauPress-ке сілтеме жасап.

42, 32, 37, 38 жастағы ер және 34 жастағы әйел адам алдын ала ақылдасып құм толы қапшықтарды өз тұрғын үйлерінің қоршауына көлікпен тасыған. Оларға қатысты ұсақ-түйек жымқыру дерегімен қылмыстық іс қозғалды.