Атырауда әйелін пышақтаған жігіт басқа қалада ұсталды

Облыстық полиция департаменті ер адам мен әйел азаматтық некеде болғанын хабарлаған еді.

– 9 маусым күні Атырау қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде 30 жастағы әйелді өлтіруге оқталған 29 жастағы күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Жеке басы анықталып, күдіктіні ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Күдікті мен жәбірленушінің азаматтық некеде тұрғаны анықталды, – делінген Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Еске салсақ, бұған дейін Атырауда ер адамның әйелді пышақтағаны видеоға түсіп қалғанын жазған болатынбыз.