Атырауда 4 жасар бала оқыс оқиғаның құрбаны болды

Атырауда Сары-Арқа көшесінде орналасқан көп қабатты үйдің алтыншы қабатынан 4 жасар бала құлап кетіп, ауруханада жан тапсырды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

2020 жылы туған сәби жедел жәрдем келгенде ауыр хәлде жатқан. Дәрігерлер баланың өмірі үшін қанша күрескенімен, ол ауруханада жан тапсырған.

Фото: Риа новости

38