Атырау облысында қарақұрт уынан 63 түйе арам қатты

Атырау облысында қарақұрт уынан 397 түйе зардап шекті, деп хабарлайды  Qazaq.today ақпарат порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеп.

Аtyraupress хабарлауынша,бүгінгі таңда зардап шеккен жануарлардың саны бес есеге артып, 63 түйе өлді.

«Қарақұрт шаққан 217 түйе емделді. Ауру және құлаған жануарлардан сынамалар алынып, ветеринарлық зертханаға жіберілді», — деп жазды Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметі.

Мал шаруашылығы иелеріне улы жәндіктер мекендейтін жайылымдарда мал жаймауға кеңес беріледі.

Фото: pixabay.com