Атырау тұрғыны дәрігерлерді бес жасар қызының өліміне айыптап отыр. Әйелдің сөзінше, дәрігерлер баласын құтқару үшін жеткілікті шара қолданбаған, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы «Мой город» басылымына сілтеме жасап.
Әйелдің айтуынша, бір апта бұрын 5 жасар қызы жедел жәрдеммен облыстық балалар ауруханасына түскен. Қабылдау кезінде баланың жүрек соғысы әлсіз болған.
«Тексеріс кезінде өзім қызымнан тахикардия белгілерін байқадым. Дәрігерлер бірден қажет шараларды қабылдамады, алдымен оттегімен әуре болды, содан кейін ғана жүрекке массаж жасай бастады. Адреналинді мен талап еткен кезде ғана салды. Неге мен дәрігерлерге не істеу керек екенін үйретуім керек? Дефибриллятор қолданылмады. Мен шыдай алмай, палатаға кірдім. Қызымның жасанды тыныс алу аппаратының түтігін тістеп жатқанын көрдім, бұл оның қиналып, өмірі үшін күресіп жатқанын білдіреді. Сол кезде де ешкім дефибриллятор әкелген жоқ. Мүмкін ауруханада ол мүлдем болмаған шығар», — дейді әйел.
Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілі бұл жағдайға байланысты қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.