Атырауда жол апатынан жасөспірім мерт болып, 2 адам ауруханаға түсті

Жол апатынан жарақат алған жүргізуші мен тағы 1 жолаушы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы кеше, 19 қаңтарда түнгі сағат 23:30 шамасында тіркелген.

– Атырау қаласынан Дамбы ауылына қатынайтын тас жолда ВАЗ  2170 және Toyota Camry автокөліктері соқтығысты. Жол апатынының салдарынан 2007 жылғы бозбала жүгізген ВАЗ — 2170 автокөлігінде отырған 16 жасар жасөспірім оқиға орнында қайтыс болды. Аталған көліктегі тағы бір жолаушы мен жүргізушісі ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір аталған жол-көлік оқиғасына байланысты кешенді тергеу амалдары басталды.

– Ата-аналарға жасөспірімдердің көлік жүргізуіне және түнгі мезгілде бақылаусыз жібермеуді ескертеміз. Балалардың қауіпсіздігін басты назарда ұстаған жөн, – деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

40