Ол 21 қаңтарда сағат 4:00-де белгісіз бағытта үйден шығып кетіп, қайта оралмаған.
Атырауда жоғалған ер адам өлі табылды. Жұмыскер ауылы маңында сүңгуірлер жоғалған ер азаматтың денесін судан шығарды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Полиция қызметкерлеріне көмектесу мақсатында құтқарушылар 22 қаңтарда сағат 17:00-ден бастап 1968 жылы туған азаматты іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізді.
Іздестіру-құтқару жұмыстары Атырау қаласы Жұмыскер ықшамауданы маңындағы Жайық өзені бойында сүңгуірлердің көмегімен жүзеге асырылған.
Нәтижесінде 22 қаңтарда сағат 19:35-те іздестірілген азаматтың денесі судан шығарылып, полиция қызметкерлеріне тапсырылды.