Атырауда пәтер өртеніп, 70 жастағы әже мерт болды

Атырауда көпқабатты үйдегі пәтерлердің бірінен өрт шықты. Өрт сөндірушілер 67 адамды құтқарып, эвакуациялады, оның 36-сы – балалар.

Фото: ТЖМ

Өрт Атыраудың Алмагүл шағынауданында жеті қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерде болды. Өрт аумағы – 74 шаршы метр.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәлімдеуінше, жүк көлігі мен баспалдақтың көмегімен 13 адам, оның ішінде 6 балан құтқарылды, 54 адам эвакуацияланды, оның 30-ы – балалар. Өрт сөндірілді.

“Өрт орнынан 70 жастағы әженің мәйіті табылды», –  деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

Марқұмның 30 жаста,ы ұлы күйік шалып, ауруханаға түсті.

Ведомоство пәтерге әдейі өрт қойылған болуы мүмкін дейді.