Облыс басшысы Серік Шәпкеновтің төрағалығымен құқықбұзушылық профилактикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Qazaq.today «Ақжайық» газетіне сілтеме жасап.
«Биыл сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицерлер 118 сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіп, бірқатар оң нәтижелерге қол жеткізді. Мәселен, №2 Атырау облыстық аурухананың мемлекеттік сатып алу менеджері жіберген заңбұзушылықтар анықталған. Сондай-ақ, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің комплаенс-қызметкерлері 8 құқықбұзушылық анықтады. Атап айтқанда, оқытушылардың автоматтандырылған «Платонус» ақпараттық жүйесі арқылы онлайн форматта оқу үлгерімі нашар студенттері атынан емтихан тапсырып, бағаларын көтеру мақсатында пара алу фактілері тіркелген», — деді Е. Серікқалиев аймақта комплаенс қызметімен жұмысы туралы.
Серік Шәпкенов жауапты сала мамандарына мемлекеттік сатып алу процесін орталықтандыруды, қызметке кандидаттарды толық цифрландыру арқылы іріктеуде процестің ашықтығын қамтамасыз етуді тапсырды.
Qazaq.today